Польшада Холокост құрбандарын еске алды

Бүгін Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күні. 1945 жылы дәл осы күні кеңес әскері Польшадағы «Освенцим» нацистік концлагерін азат еткен. Бұл тарихи оқиғаның 80 жылдығына орайластырлған іс-шараларға лагерьдің бұрынғы тұтқындары қатысты.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде «Освенцим» концлагерінде миллионнан аса адам қаза тапты. Солардың дені – еврейлер.