АҚШ-тың Мексикамен шекарасына қосымша әскер келе бастады
АҚШ Мексикамен арадағы шекарасына қосымша әскер тарта бастады.
Бұл заңсыз мигранттармен күреске қажет. Бұған дейін шекарада 2 мың сарбаз болған. Солардың қатарына тағы бір жарым мыңы қосылды. Сөйтіп, жалпы саны 12 мыңға жетуге тиіс. Олар екі ел арасындағы қоршаудың құрылысына қатысып, заңсыз мигранттардың АҚШ аумағына өтпеуін бақылайды. Дональд Трамп қызметіне кіріскеннен кейін көші-қон ережелерін қатаңдатып жатыр. Сөйтіп Мексикамен арадағы оңтүстік шекарасы арқылы мигранттардың елге өтуіне тыйым салатын жарлыққа қол қойды. Хабарға қарағанда, Америка аумағында 11 миллион заңсыз мигрант болуы мүмкін. Өткен аптадан бері солар біртіндеп депортациялана бастаған.