АҚШ әуежайларында диспетчер тапшы
АҚШ әуежайларында диспетчер жетіспейді, деп хабарлайды 24kz.
Жергілікті CBS арнасының мәліметі бойынша әуежайлардың басқару мұнараларының 10%-інде ғана бекітілген стандарттарға сәйкес келетін әуе диспетчерлері бар. Қалған 90%-інде жұмыс орны бос тұр. Күні кеше Вашингтонда болған әуе апатының бір себебі осымен байланыстырылып отыр. Тергеу оқиға кезінде жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақтың қозғалысын бір ғана диспетчер бақылағанын анықтады. Тәртіп бойынша оны 2 маман қадағалауы тиіс болған.