ХАМАС тұтқынға алған 3 израильдікті босатты

Оның бірі 35 жастағы әйел адам, деп хабарлайды 24kz.

Ал қалғаны қос азаматтығы бар ер адамдар. Оның бірінде Франция, екіншісінде АҚШ төлқұжаты бар. Олар Халықаралық Қызыл Крест ұйымына тапсырылды. Енді бейбіт бітімге сәйкес Израиль түрмеден 183 палестиналықты босатуы тиіс. ХАМАС пен Израиль арасындағы келісім 19 қаңтарда күшіне енді. Қазір соның алғашқы кезеңі жүріп жатыр.