Жапонияда жер сілкінісіне төзімді үйлер салынады

Түркия үкіметі 2023 жылғы жойқын зілзаладан кейін құрылыс сапасына жоғары талап қоя бастады. Бұл тұрғыда Жапония да қатаң саясатқа көшкен.

Зерттеу бойынша кейінгі 50 жылда әр 2 жыл сайын магнитудасы 8 балдан асатын кемінде 1 зілзала тіркеліп жүр. Мамандар сейсмикалық қауіпті артуыга геофизика емес, әлеуметтік-экономикалық факторлар көбірек әсер етеді дейді. Бұл бірінші кезекті жер сілкіну қатері жоғары аймақтарда халықтың тығыз орналасуы мен осал инфрақұрылымның болуы. Десе әлемде кейінгі 100 жылда жойқын зілзалалардан опат болғандар саны 2 жарым есе азайған. Бұған оңды құрылыс, қала салуды тиімді жоспарлау және қорғану жүйесінің артуы себеп. Соңғы дерекке сүйенсек, жер сілкіністерінен жыл сайын 13 мыңнан аса адам көз жұмып, 4 миллионнан астамы жараланып, 12 триллион шығын келеді екен. 

Грекияда зілзаладан қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Дәл қазір Грекияның Санторини аралына зілзала қаупі төніп тұр. Бұған дейін 200-ден астам жер сілкінісі тіркеліп үлгерді. Билік барынша қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр. Мектептер уақытша жабылды. Тұрғындарға жабық ғимарат ішіне жиналмау ескертілген. Эвакуациялау жоспары пысықталды. Бассейндерді суға толтыруға тыйым салынған. Сондай-ақ кемежайдан аулақ жүруге кеңес берілді. Санторини Грекиядағы танымал туристік орын. Жыл сайын 3 миллион адам саяхаттап барады. 

Түркияда сейсмикалық қауіпсіздік талаптары қатаңдатылды

Жиі жер сілкінетін Түркия ғимарат құрылысына бақылауды күшейтті. Жаңа ережелер бойынша үйдің беріктігін арттыратын материалдар мен технологияларды ғана пайдалану міндеттелген. Әсіресе бетон мен арматураның сапасы – басты назарда. Халықаралық стандарттарға сәйкестік те аса маңызды. Анадолы елінде сейсмикалық белсенділік жоғары аймақтарда қабат санына шектеу енгізілген. Ғимарат тұрғызудың барлық кезеңін бақылайтын арнаулы комиссиялар құрылды.

Сейсмикалық қауіп жоғары тағы бір ел – Жапонияда үйлердің іргетасы тербеліске икемді етіп салынады. Жерасты дүмпулерінің энергиясын жұтуға қабілетті амортизаторлар мен демпферлер қойылады. Құрылысқа жеңіл материалдарды пайдалану - міндет. Бұдан бөлек барлық жерде тербелістерді алдын ала сезіп, дабыл қағатын жүйе жаппай орнатылған. Мектептер мен басқа мекемелерде зілзала кезіндегі іс-әрекеттер бойынша үнемі оқу-жаттығу өткізіледі.

Ернат Рахметолла