Антарктидадағы қардан алғаш рет пластик табылды
Ғалымдар Антарктидадағы қардан алғаш рет микропластик тапты. Бұл туралы мұзды құрлықтағы британиялық қызмет өкілдері мәлімдеген.
Зерттеушілер Юнион және Шанц мұздықтарынан үлгі алған. Сараптама 1 литр қарда 73-тен 3 мыңға дейін пластик барын анықтады. Көбісінің көлемі адамның жасушасымен бірдей. Яғни ағзаға кіруге қабілетті. Сарапшы Клара Манноның айтуынша, пластиктер Антарктидадағы лагерьлерде пайдаланылған киім-кешек, арқан, шөлмектер, жалаулар мен түрлі қаптамалардың қалдығынан жиналған болуы мүмкін. Қарға түскен пластик мүлде жойылмайды, керісінше, жылу бөледі.