Чилидегі орманда алапат өрт басталды
Чилидің Араукания аймағындағы орманда алапат өрт болып жатыр. Тілсіз жау 1 адамның өмірін қиып, 30 үйді күлге айналдырған. Табиғи апат салдарынан 40-тан астам тұрғын баспанасыз қалды.
Өртті сөндіруге шағын ұшақтар мен тікұшақтар тартылған. Трактор жерді қазып, топырақты қопсытып, қарсы амал жасап әлек. Бірақ мамандар: «Тілсіз жауды ауыздықтау әзір қиынға соғып жатыр», – дейді.