АҚШ-та TikTok қайта қалпына келді  

Apple компаниясының қосымшаларды жүктеу платформасында TikTok қайтадан пайда болды.

Өткен айда АҚШ-та TikTok-қа тыйым салатын заң күшіне енгеннен кейін, 170 миллион қолданушы әлеуметтік желіге кіре алмай қалған болатын. Дональд Трамп қызметке кіріскенннен кейін бұл мәселені шешуге тырысатынын айтты. Сөйтіп, ол TikTok-қа 75 күнге тыйым салуды кейінге қалдырған Жарлыққа қол қойды. Бұл қытайлық ByteDance компаниясына АҚШ-тағы операцияларды уақытша жалғастыруға мүмкіндік береді. TikTok былтыр АҚШ-тағы ең көп жүктелген екінші қолданба болды.Оны 52 миллионнан астам адам жүктеген.