ХАМАС Газа секторын Палестинаның ұлттық әкімшілік басқаруына беруге дайын

ХАМАС Газа секторын Палестинаның ұлттық әкімшілік басқаруына беруге дайын, деп хабарлайды 24kz.

Sky News Arabia телеарнасының хабарлауынша, мұндай шешім Каирдегі келіссөз кезінде қабылданған. ХАМАС сондай-ақ Әкімшілікке қосылғаннан кейін қозғалыс мүшелерінің жұмыс орындарын сақтау немесе оларды кепілдік берілген төлемі бар зейнеткерлікке жіберу қажет деген шарт қойған. АҚШ президентінің Таяу Шығыс бойынша арнаулы өкілі Стив Уиткоффтың айтуынша, осы аптада ХАМАС пен Израиль арасындағы бейбіт бітім келісімінің екінші кезеңі басталуға тиіс. Бірінші кезеңде 6 аптаға дейін оқ атпау және 33 израильдікті 1900 палестиналыққа айырбастау туралы мәміле жасалған болатын.