Стив Джобстың қолтаңбасы бар визиткасы бәссаудаға қойылды

Apple корпорациясының негізін қалаушы Стив Джобстың қолтаңбасы бар визиткасы Бостондағы бәссаудаға қойылды, деп хабарлайды 24kz.

Лот бағасы 75 мың долларға жеткен. Бизнесмен қолтаңбасын компанияның алғашқы компьюьтері Macintosh таныстырардан бір жыл бұрын 1983 жылы қалдырған. Онда Джобстың лауазымы мен компанияның логотипі берілген. Бәссаудаға тағы 14 визитка шығарылды. Аукцион 20 ақпанға дейін жалғасады.