Еуроодақ шекарашыларының қатігездігі құқық қорғаушыларды қамықтырады
Былтыр Еуроодақ шекарасын заңсыз асқан 120 мыңнан аса адам күштеп кері қайтарылды.
Оларға тіпті баспана сұрауына мүмкіндік берілмеген.
Еуропаның құқық қорғау ұйымдарының бірігіп жүргізген зерттеу нәтижесі осындай. Мамандар көп жағдайда шекарашылар мигранттарды ұрып-соғып, күш қолданғанын айтады. Осындай оқиғалардың көбі Болгарияда, Грекия мен Польшада тіркелген. Құқық қорғаушылар бұл халыққаралық талаптарға қайшы дейді. Айтуларынша, мигранттар қай елге келсе, сол жерден баспана сұрауға құқылы.