Риода шамадан тыс ыстық қаупі туралы ескерту жарияланды
Қаладағы ауа температурасы 44 градусқа жеткен.
Бұл кейінгі 10 жылдағы ең ыстық күн болып тіркелді. "Эй Би Си ньюз" телеарнасы аптап ыстық әлі бірнеше күн сақталады деп хабарлаған. Тұрғындар мен туристер мұхиттан шықпай, қоғамдық бассейнге жиі түсіп, жан сақтап жүр. Билік салқындайтын орындар орнатты. Денсаулық сақтау саласының мамандары да науқастар саны артуы мүмкін деп қазірден жан-жақты қамданып жатыр.