Израиль Ливанның оңтүстігінен әскерін шығармайды

Израиль әскері Ливанның оңтүстігінен кетпейді.

Олар ортақ шекара бойындағы 5 бекетті өз бақылауында ұстайды. Керісінше өзге мемлекеттермен арадағы шекара әскерінің қатарын 15 мыңға дейін жеткізбек. Бұл 2023 жылдың қазанында "Хезболламен" қақтығыс басталғанға дейінгі саннан 3 есе көп. Естеріңізге сала кетейік, бүгін "Хезболла" мен Израиль арасындағы оқ атпау туралы келісім мерзімі аяқталады. Мәміле бойынша Ливан әскері Біріккен Ұлттар Ұйымы Қарулы күштерінің қолдауымен елдің оңтүстігіне орналасып, "Хезболланың" барлық қаруын тәркілеп, оларды бұл ауданға қайта жібермеу керек.