АҚШ-та жүздеген жоғары лауазымды қызметкерлер жұмыстан босатылады

АҚШ Президентінің әкімшілігі осы аптада ішкі қауіпсіздік министрлігінің жүздеген жоғары лауазымды қызметкерін жұмыстан шығаруға ниетті. Өйткені олар Ақ үй әкімшілігінің алға қойған мақсаттарына жетуге кедергі етуі мүмкін. Бұл туралы жергілікті NBC News телеарнасы хабарлайды.

 Министрліктің түрлі бөлімшелерінде қызметкерлер өткен аптадан бері жұмыстан шығарыла бастаған. Олардың ішінде азаматтық және көші-қон қызметінің өкілдері бар. Дональд Трамп қазір федералдық үкімет қызметкерлерін қысқарту бағдарламасын іске асырып жатыр. Көбіне жәрдемақы алу үшін өз еркімен жұмыстан кету туралы ұсыныс жасалған. Оған 40 мыңнан аса мемлекеттік қызметкер келісіп, арыз жазған.