ХАМАC 22 ақпанда 6 израильдік тұтқынды босатады

Осы аптада ХАМАС израильдік тұтқындардың кезекті легін босатады. 20 ақпанда қайтыс болған 4 тұтқынның денесі тапсырылады.

Ал 22 ақпанда 6 адам жіберіледі. ХАМАС өкілдері жауап ретінде: «Еврей елі палестиналық сотталушыларды босатуы тиіс», - дейді. Бірақ Израиль жағы бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Осыдан тура бір ай бұрын Газа секторындағы бейбіт бітім күшіне енген еді. Алғашқы кезеңге сәйкес, тараптар оқ атуды доғарып, тұтқын алмасуға келіскен. Еврей елінің әскері адам көп шоғырланған аймақтан шекараға қарай ығысуы тиіс.

The Times of Israel басылымының хабарлауынша, осы аптада бітімнің екінші кезеңі бойынша келіссөздер басталады.