Газада 591 мың балаға полиомиелитке қарсы екпе салынады

Газа секторында 10 жасқа дейінгі 591 мың балаға полиомиелитке қарсы екпе салынады.

"Әл-Жазира" телеарнасының хабарлауынша, науқан 2 күннен кейін басталып, 29 ақпанға дейін созылады. Бұл істі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ үйлестіреді.

Сарапшылар: «Анклавтағы нысандардан алынған сараптама үлгілері олардың 90 пайызында вирус таралғанын көрсетті», - дейді. Лагерьлердің босқындарға лық толғаны, дәрі-дәрмек, қажетті құрал-жабдық пен тазалықтың жоқтығы да жағдайды одан сайын ушықтырып отыр. Газадағы вакциналау науқаны былтыр қыркүйекте 10 айлық сәбиден полиомиелит алғаш анықталғаннан кейін басталған, бірақ жаппай қолға алу мүмкін болмай келген еді.