Калифорнияда жаңа үйлерді салуға $40 млрд қажет
Калифорнияны орман өртінен кейін қалпына келтіру үшін 40 млрд доллар қажет. Штат губернаторы Гэвин Ньюсом АҚШ Конгресінен осындай мөлшерде қаржы сұрады, деп хабарлайды 24kz.
Өңір басшысының айтуынша, бұл қаражат жаңа үйлер салуға және жергілікті халыққа қолдау көрсетуге жұмсалады.
Естеріңізде болса, 7 қаңтарда Лос-Анджелесте алапат орман өрті басталып, 29 адам қаза тапты. Жалын 18 мыңнан астам үйді күлге айналдырды. AccuWeather метеокомпаниясының сарапшылары экономикалық шығын 250 миллиард доллардан асты деп мәлімдеді.