Францияда Алжир азаматы көшедегі жұртқа пышақпен шабуыл жасады
Францияда ер адам көшедегі жұртқа пышақпен шабуыл жасап, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды 24kz.
Тағы бесеуі жарақат алған. Оқиға елдің солтүстік-шығысындағы Мюлуз қаласында болды. Қаза тапқан ер кісі Португалия азаматы болып шықты. Жарақат алғандардың барлығы күштік құрылым өкілдері. Қазір солардың біреуі хал үстінде жатыр. Франция Президенті бұл лаңкестік оқиға екенін айтты. Шабуылды 37 жастағы Алжир азаматы жасаған. Ол бұған дейін лаңкестікке барды деген күдікпен үй қамағында болып, отанына қайтарылуы керек-тін.