Бейрутта «Хезболланың» бұрынғы жетекшісі жерленді
Ливан астанасы Бейрутта «Хезболланың» бұрынғы жетекшісі Хасан Насралла жерленді, деп хабарлайды 24kz.
Қаралы рәсім «Камиль Шамун Спортс Сити» стадионында өтті. Оған ондаған мың адам қатысты. Жиналғандар арасында Ливан парламентінің спикері, министрлер мен әскери басшылық бар. Хасан Насралла былтыр 27 қыркүйекте Израиль әскерінің Бейруттағы бас штаб ғимаратын бомбалауынан қаза тапқан. Ол «Хезболланы» 30 жылдан астам уақыт басқарды. Қазір билік оның бірінші орынбасары Наим Касемнің қолында.