Мадагаскарда дауылдан 22 адам ажал құшты

Мадагаскарда 3 аптадан бері «Элвис» дауылы басылмай тұр. Күшті жел жауын-шашын әкелген. Қолайсыз күн райынан бәрінен де ел астанасы Антана Нариву қатты зардап шекті. Онда 22 адам көз жұмып, тағы 20 мыңы жараланған.

Жүздеген үй мен көпірлер қирады. 7 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жаққа көшірілген. Билік мектептер мен жолдарды уақытша жапты. Әлі көп адамды құтқару қажет.