Конгода шабуылдардан жеті мың адам қаза тапты
Конго Демократиялық республикасының шығысында жыл басынан бері жалғасып келе жатқан қарулы қақтығыстардан 7 мың адам қаза тапты.
Бұл туралы осы елдің премьер-министрі мәлімдеген. Осыдан 2 ай бұрын "23 наурыз қозғалысын" құрып алған "тутси" этникалық тобы Руандамен шекаралас аймақта үкімет әскері мен тұрғындарға шабуылдап жатыр. Шапқыншылық салдарынан шамамен 450 мың адам баспанасыз қалып, 100 лагерь қиратылған. Жығылғанға жұдырық демекші, аймақта тырысқақ пен доңыз вирус тарала бастады. Қақтығыс пен індеттен 40 мыңнан астам босқын көршілес Бурундиге қашқан. Конго Руанда билігі бүлікшілерді қолдап отыр деп, көрші елмен дипломатиялық қатынасты үзді.