Макрон: Ресей мен Украина бітімге келуі мүмкін

Ресей мен Украина "алдағы бірнеше аптада" бітімге келуі мүмкін.

АҚШ-та Дональд Трамппен болған кездесуден кейін Франция президенті Эмманюэль Макрон осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, тараптар арасындағы атысты тоқтату үшін тиісті келісімде қауіпсіздік кепілдігі көрсетілуі керек. Өз кезегінде Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы бітімгершілік келісімінің орындалуын қамтамасыз етуді Еуропа өз мойнына алуы керегін атап өтті. 

Эмманюэль Макрон, Франция Президенті:

- Біз Ұлыбританиямен бірге өз ұсынымызды дайындап жатырмыз. Онда Украинаға әскер жіберуге дайын екеніміз жазылады. Бірақ қарулы күштер майдан шебіне бармайды, қақтығысқа қатыспайды. Келісімде көрсетілген кейбір аймақтарда орналасып, бейбітшілікті және ұжымдық сенімімізді сақтау үшін АҚШ-тың қолдауымен қызмет етеді.