Чилиде 19 млн тұрғын жарықсыз отыр
Чилиде 19 млн тұрғын жарықсыз отыр, деп хабарлайды 24kz.
Ел аумағының шамамен 99%-інде электр қуаты үзілді. Аргентинаның 2 провинциясы да осындай жағдайға тап болды. Жарықтың істен шығуынан ел астанасы Сантьягода күнделікті жолаушы тасымалдайтын метро жұмысы тоқтады. Көшеде бағдаршамдар істен шығып, салдарынан бірнеше шақырымдық кептеліс туғды. Билік шұғыл ел аумағында төтенше жағдай жариялап, түнгі коменданттық сағат енгізді. Әзірге электр желісінің істен шығуына не себеп болғаны белгісіз. Тексеру жүріп жатыр. Билік жақын арада жарықты қалпына келтіруге уәде берді.