Грузиядағы қалың қар: үш адам опат болды

Грузияның батысында қалың қар түсіп, салдарынан 3 адам опат болды. Қолайсыз ауа райы өткен аптадан бері жалғасып келеді.

Әсіресе Аджария, Батуми мен Кобулеети шаһарлары қатты жапа шеккен. Ақ ұлпаның биіктігі екі метрге дейін жетеді. Ауа райының қолайсыздығынан көлік қозғалысы тоқтады. Білім ұйымдары уақытша жабылды. Қар құрсауында қалған мекендерге арнайы бригадалар жіберіліп жатыр. Олар тасжолды қардан тазартып, зардап шеккендерге азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге көмектеседі. Ал метереологтардың болжамы бойынша аймақта қолайсыз ауа райы апта соңына дейін жалғасады.