Қытайда робот-полицей қызметіне кірісті

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында тұңғыш робот-полицей қызметіне кірісті.

Ол тәртіп сақшыларымен бірге қала көшелеріне шығады. Сақшы қызметін атқарады. Әзірге робот тестілеу режимінде іске қосылған. Жоба авторларының айтуынша, мұндай "робокоптар" жаппай өндіріле бастаған. Қазір 100 данасы кәсіпорындарда қызмет етіп жүр.