Ливан парламенті жаңа үкіметке сенім білдірді

Ливан парламенті премьер-министр Наваф Салам басқаратын жаңа үкіметке сенім білдірді.

Бұл туралы жергілікті "Әл-Насра" газеті хабарлады. Жаңа кабинет құрамын 128 депутаттың 95-і қолдаған. Салам ел егемендігін нығайтуға, қорғаныс қабілетін күшейту, экономика, сот жүйесі мен биліктің басқа институттарын реформалауға уәде етті. 13 қаңтарда премьер-министр болып тағайындалған Наваф Салам бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сотын басқарған әлемдік деңдейдегі лауазымды тұлға.