Чехиялық шаруалар тракторлармен жолды бөгеп тастады

Чехия мен Словакия шекарасында шаруалар шеруге шықты. Наразылық акциясын ұйымдастырушылар тракторлармен жолды бөгеп, биліктен ауыл шаруашылығы саласын қолдауды, бюрократиялық кедергілерді азайтуды талап етті.

Сондай-ақ олар Еуроодақтың «еркін сауда» туралы келісіміне қарсы. «Украина мен Оңтүстік Америкадан келетін арзан импорттық өнімдердің кесірінен әділетсіз бәсеке орнады», – дейді шерушілер. Салдарынан шаруа қожалықтары қиын жағдайға тап болып, жабыла бастаған.