Жапонияда орман өртеніп жатыр

Жапонияның солтүстік-шығысында орман өртеніп жатыр. Салдарынан 1 адам опат болды. Қызыл жалыннан 600 гектар жер күлге айналды. 80-нен астам үй бүлінген. 3 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Қазір мамандар із-түзсіз кеткендердер мен зардап шеккендерді іздестіріп жатыр. Ал отты өшіруге 7 тікұшақ, ондаған бригада жұмылдырылды. «Соған қарамастан тұтанған өртті сөндіру қиынға соғып жатыр», – дейді билік өкілдері. Сол себепті өрт біраз аумаққа таралуы мүмкін денген қауіп бар.