Кореяда ұшақта пауэрбанк алып жүрудің жаңа ережелері енгізілді

Оңтүстік Корея ұшақ өртінен кейін пауэрбанктер үшін жаңа ережелер енгізді.

Енді жолаушылар пауэрбанкті әрдайым жанында ұстауға тиіс және құрылғыларды бортта зарядтауға болмайды. Жолаушыларға бес 100 ватт-сағатқа дейін портативті батареяларды алып жүруге рұқсат етіледі, ал 160 ватт-сағаттан жоғары батареяларды ұшақ ішіне кіргізуге болмайды. Осы елдің Көлік министрлігінің хабарлауынша, батареяларды мөлдір пластик пакеттерде салу керек. Естеріңізде болса 28 қаңтарда Гимхэ халықаралық әуежайында Air Busan ұшағы отқа оранған болатын. Алдын алау тергеу амалдары көрсеткендей өрт салондағы сөреден шыққан.