Дональд Трамп ағылшын тілін АҚШ-тың мемлекеттік тілі етіп бекітті
АҚШ президенті Дональд Трамп ел тарихында тұңғыш рет ағылшын тіліне ресми мәртебе беретін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды 24kz.
Бұған дейін ол тек жекелеген штаттарда ғана қолданыста болған еді. Трамптың бұл шешімі азаматтар арасындағы бірлік пен мәдениетті нығайтуға бағытталған. Жаңа жарлық бұрынғы президент Билл Клинтонның мемлекеттік органдарды ағылшын тілін білмейтін азаматтарға тілдік қолдау көрсетуге міндеттейтін қаулысының күшін жойды. Ел үкіметінің 2019 жылғы дерегі бойынша Америкада шамамен 68 миллион тұрғын ағылшын тілін білмейді. Олардың 40 миллионнан астамы испан тілін меңгерген.