Америкада орман өртеніп жатыр

АҚШ-тың оңтүстік-шығысында ормандар өртеніп жатыр. Әсіресе Оңтүстік Каролина штатында жағдай қиын.

Қазір табиғат апатына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Штат бойынша 200-ден астам өрт ошағы тіркелді. 2 мың гектардан астам жер күлге айналған. Сондай-ақ, елдің орталығында ескерту жарияланды. АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі Оңтүстік және солтүстік Дакота, Небраска, Канзас, Айова, Миссури, Батыс Вирджиния аймақтарында жел күшейеді деп болжайды. Бұл отты одан сайын өршітуі мүмкін.