Алтынның қымбаттауынан Швейцария рекордтық табысқа кенелді

Алтын бағасы өсіп, Швейцария орталық банкі 90 млрд доллар көлемінде табысқа кенелді. 

Мұндай рекордтық көрсеткіш 2017-жылы тіркелген еді. АҚШ билігі өзге елдерге баж салығын салам дегеннен кейін бағалы металға деген сұраныс артып, бағасы өсіп барады. Жыл басынан бері 12 пайызға қымбаттап, бір унциясы 2 мың 954 долларға жеткен. Бұл бір жарым миллион теңгеге жуықтайды. Әлемнің орталық банктері алтын қорын арттырып жатыр. Былтыр бағалы металды ең көп сатып алғандардың қатарында Польша, Түркия мен Үндістан елдері бар.