БҰҰ Азық-түлік бағдарламасы Африкадағы жұмысын тоқтатты

Біріккен ұлттар ұйымының Азық-түлік бағдарламасы Оңтүстік Африкадағы жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды 24kz.

Оған АҚШ-тың қаржылай көмек беруден бас тартуы себеп. Өйткені АҚШ ұйымға осыған дейін 9,7 млрд доллар көлемінде қаражат бөліп келді. Бұл бағдарлама бюджетінің жартысына тең.

«Енді Африка елдерінде азық-түлік дағдарысы күшеюі мүмкін», - дейді сарапшылар. Себебі, қара құрлықта халықаралық қауымдастықтан түсетін гуманитарлық көмекке мұқтаж елдер көп. Қазірдің өзінде онда 26 млн адам аштықтан зардап шегіп отыр.