ЕО көлік өндірісі саласына көмек көрсету жоспарын таныстырды
Еуроодақ көлік өндірісі саласына көмек көрсету жоспарын таныстырды.
Әсіресе электрмобильдер жасауға көп көңіл бөлінеді. Оларға қажетті аккумуляторларды Еуропада өндіру үшін шамамен 2 миллиард еуро бөлінеді.
Бұдан бөлек экологиялық талаптар да жеңілдетіледі. Осыған дейін автоөндірушілер зиянды заттарды азайту бойынша жыл сайын есеп беретін. Енді 3 жылда бір тапсырса жеткілікті. Еуроодақ үшін көлік өндірісі маңызды сектор. Жалпы ішкі өнімнің 7 пайызы осы саланың үлесіне тиесілі. Мұнда 13 миллион адам еңбек етеді. Бірақ кейінгі жылдары Қытай тарапынан бәсекенің артуына байланысты сұраныс төмендеді. Оның үстіне АҚШ-тың қосымша баж салығын салуы да жағдайды қиындатуы мүмкін.