Парижде Наполеонға тиесілі Францияның Азаматтық кодексі сатылды
Парижде Наполеон Бонапартқа тиесілі Францияның Азаматтық кодексінің бір нұсқасы сатылды.
Бұл жәдігерге 200 жыл болған. Ол бәссаудада 400 мың еуроға өтті. Аукционды ұйымдастырушылар: «Азаматтық кодекстің бастапқы құны 100 мың еуро болды», - дейді. Сатып алған адам аты-жөнін жасырын ұстауды өтінген. Наполеон бұл құжатты билік басына келген соң әзірлеген. Ол Францияда әлі күнге дейін күшін жойған жоқ. Құжатты император серіктерінің ұрпағы сақтап қалған көрінеді.