Танымал баскетбол жұлдыздарының киімі аукционға қойылды
Әлемге танымал баскетбол жұлдыздары Майкл Джордан
мен Коби Брайанттың жейделері Нью-Йорктегі Сотбис аукционына қойылды. Киімнің әрқайсысының құны 10 миллионнан 20 миллион долларға дейін. 6 дүркін әлем чемпионы Майкл Джордан «Чикаго Буллз» 23-номерлі жейдеcін 1984 алғашқы ойынында киген. Сол маусымда спортшы «үздік бастаушы» сыйлығын жеңіп алады. Ал «Қара Мамба» атты жейдені Коби Брайант алғаш рет 1996 жылы ойынға киген. Осыдан кейін ол өзінің спорттық мансабында біраз жетістікке жетеді. Бәссауда 21 наурызда өтеді.