АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы өршіп барады
Қытай АҚШ-тан келетін ауыл шаруашылығы тауарларына қарымта тариф енгізді, деп хабарлайды 24kz.
Оның мөлшері 10% мен 15% шамасында. Ақпанның басында ресми Вашингтон Қытайдан импортталатын өнімдерге 10%-тік баж салығын салып, өткен аптада оны екі есе көтеріп жіберді. Дональд Трамп: «Бейжің есірткі саудасымен дұрыс күреспей отыр», - деп айыптап, осындай шешім қабылдағанын айтты. Бірақ екінші тарап наразылық білдіріп, Дүниежүзілік сауда ұйымына шағым түсірді.
Айта кеткен жөн, АҚШ – Қытайдың ең ірі сауда серіктесі. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 700 миллиард долларға жуықтаған.