АҚШ-та заңсыз мигранттарға арналған қосымша іске қосылды

АҚШ-тың кеден және шекара қызметі мигранттарға арналған қосымшаны іске қосты. Елде заңсыз жүрген шетелдіктер платформада өз еркімен отанына қайтқысы келетінін хабарлау керек. Сонда оларға қатаң жаза қолданылмайды. Тіпті кейін Америкаға заңды түрле оралуына рұқсат берілуі мүмкін.

Дональд Трамп қызметіне кіріскеннен кейін АҚШ-та заңсыз көші-қонмен күрес күшейді. Сөйтіп, мыңдаған адам отанына күштеп депортацияланды.