Хуситтер Израиль кемелеріне екі теңізден өтуге тыйым салды
Йемендік хуситтер Израиль кемелеріне Қызыл және Араб теңіздерінен өтуге тыйым салды, деп хабарлайды 24kz.
Қозғалыстың ресми мәлімдемесінде осы шектеуді бұзғандарға шабуыл жасалатыны ескертілген. Әзірге Израиль билігі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Израиль әскері Газа секторына гуманитарлық көмек жіберуге рұқсат бермей жатыр. Бұған ХАМАС-тың бейбіт бітім мерзімін ұзарту және тұтқындар алмасу бойынша АҚШ ұсынған жоспардан бас тартуы себеп. Палестиналық қозғалыс Израиль әскерін Газа секторынан толық алып кетсін деген талап қойған.
Яхья Сари, хуситтер қозғалысының өкілі:
- Газадағы бітімгерлер Израильді гуманитарлық көмек өткізетін бекеттерді ашуға көндіре алмады. Сондықтан біз Израиль кемелеріне Қызыл және Араб теңіздері, сондай-ақ Баб-Әл-Мандеб бұғазы мен Аден шығанағы арқылы өтуге тыйым саламыз. Бұл шектеу Израиль Газадағы бекеттерді ашқанша жалғаса бермек.