NASA ғаламның пайда болуын зерттейтін телескоп ұшырды

NASA орбитаға ғаламның пайда болуын зерттейтін телескоп ұшырды, деп хабарлайды 24kz.

Құралдың салмағы жарты тоннаға жуық. Оны Калифорния штатындағы ғарыш базасынан SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыраны көкке алып шықты. Ғаламды зерттеу миссиясы 2,5 жылға созылмақ. Осы уақыт ішінде телескоп миллиардтаған аспан денесін зерттеп, Ғаламның 3D картасы жасалады. Ғалымдардың айтуынша, жинақталатын деректер Үлкен жарылыстан кейінгі алғашқы сәттерде не болғанын жақсы түсінуге мүмкіндік бермек. Жоба құны – 500 миллион доллар.