АҚШ Украинаға әскери көмек жеткізуді қайта бастады
АҚШ Украинаға барлау және әскери көмек жеткізуді қысқа үзілістен кейін қайта бастады, деп хабарлайды 24kz.
Ақпаратты АҚШ Ұлттық барлау бөлімінің бастығы Тулси Габбард растады. Шешім Сауд Арабиясында Вашингтон мен Киев делегацияларының келіссөздер нәтижесінде қабылданды. Содан кейін Украина Американың атысты 30 күнге тоқтату және Мәскеумен келіссөздер жүргізу туралы ұсынысына келісті.
Еске салайық, осы айдың басында Ақ үй Украинаға әскери көмек жеткізуді тоқтатқан еді. Бұл, әсіресе 1 млрд доллардан астам қару-жарақ пен оқ-дәріге қатысты.