Челябі және Башқұртстан аймақтарын су басып жатыр

Ресейдің Челябі және Башқұртстан аймақтарын су басып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Мұз күрт еріген. Челябі облысындағы Аша қаласында 200-ден астам үй мен 300 жер телімі су астында қалды. Билік 300-ге жуық тұрғынды қауіпсіз жаққа көшірген. Мамандар өңірлерде күн әдеттегі мезгілден 2 апта бұрын жылынғанын айтады. Қазір тасыған су жолдарды басып жатыр.

Естеріңізде болса, былтыр Орынбор облысында 12 мыңнан астам үйді су бұзып кеткен болатын.