АҚШ-та ақтүтек бораннан 130 мың тұрғын жарықсыз қалды
АҚШ-тың орталық аймағында табиғат тосын мінез танытып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Небраска мен Айова штаттарында қар жауып, ақтүтек боран соқты. Салдарынан 130 мың тұрғын жарықсыз қалды. Жолдарда көлік апаты көбейіп, бірқатары уақытша жабылған. АҚШ-тың орталық өңірлері осылай қармен әлек болып жатса, оңтүстігінде орман өртімен арпалысып жатыр. Соңғы бір тәулікте қызыл жалынның 14 жаңа ошағы пайда болған. 1,5 мыңға жуық отбасы қауіпсіз жерге көшірілді. Мамандар өртті сөндіруге жел кедергі келтіріп тұрғанын айтады.
Перуде тасқыннан үйлер мен жолдар бүлінді
Перудің оңтүстігінде толассыз жауынның салдарынан жергілікті өзен арнасынан асып, ауылды су басты. Табиғи апаттан үйлер мен жолдар бүлініп, егістік алқапты су шайып кеткен. Синоптиктер болса, алдағы күндері жаңбыр жауады деп ескертеді.