Күрдістан аймағында Жаңа жыл – Наурыз мейрамы басталды
Ирактың Күрдістан автономды аймағында Жаңа жыл – Наурыз мейрамы басталды.
Мыңдаған адам көктем фестивалін тойлауға көшеге шығып кеткен. Мерекені Иракта ғана емес, сондай-ақ Сирия, Иран мен Түркиядағы 20 миллион күрд атап өтеді. Жиналғандар отпен жамандықты аластап, аспанға отшашу атты. Фестивальді тамашалауға шетелдік туристер де келген.
Гевара Фаваз, жергілікті тұрғын:
- Мереке өтіп жатқан Акре қаласы – әлемдегі Наурыз мейрамының астанасы. Мұнда дүниенің түкпір-түкпірінен адамдар көп келеді. Керемет сезімдеміз.
Куинн Джонсон, америкалық турист:
- Мен Наурыз мейрамын өз көзіммен көру үшін осында әдейілеп келдім. Ерекше мәдениеті бар мереке. Табиғатпен тығыз байланысты. Өмір бойы ұмытылмас әсер алып жатырмын.