Жанартаудың атқылауынан Балиге әуе рейстері тоқтатылды

Индонезияда жанартау атқылауынан, Бали аралына әуе рейстері тоқтады.

Жүздеген турист үйіне жете алмай, әуежайда қонуға мәжбүр болған. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, жанартаудан көтерілген от пен күлдің биіктігі 8 мың шақырымға жеткен. Салдарынан ұшақтардың аспанға көтерілуіне қауіп төнді. Жергілікті билік екі аптаға төтенше жағдай жариялады. Жақын маңдағы ауылдардан 5 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.