Түркияда наразылық шеруі басылмай тұр
Түркияда Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлұны қолдайтын наразылық шеруі кезінде 300 адам ұсталды. Бұл туралы жергілікті құқық қорғау органдары хабарлады.
Ыстамбұлда наразылық акциялары 4 күннен бері жалғасып келеді. 2 күн бұрын полиция мен шеруге қатысушылар арасында қақтығыс болды. Толқуды басу үшін қауіпсіздік күштері су шашып, көзден жас ағызатын газдарды қолданды. Шеру Измир мен Анкарада да өтті. 19 наурызда Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлұ сыбайлас жемқорлық және тыйым салынған ұйымдармен байланыс жасады деген айыппен қамауға алынды. Саясаткер барлық тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр. Мэр қамауға алынғаннан кейін жақтастары жаппай шеруге шықты.