Израиль «ХАМАС» саяси бюросының тағы бір мүшесінің көзін жойды

Израиль «ХАМАС» саяси бюросының тағы бір мүшесінің көзін жойды. Хан-Юнис қаласында Исмаил Бархум емделіп жатқан Насер ауруханасына шабуыл жасалған. «Рейтердің» хабарлауынша, Бархум палестиналық қозғалыстың ақшалай активтеріне жауапты болған.

Бұл «ХАМАС»-тың 1 күннің ішінде өлтірілген екінші лауазымды тұлғасы. Осының алдында Израиль әуе соққысынан қозғалыстың стратегиялық әскери жоспарлау ісімен айналысқан Салах әл-Бардавиль көз жұмған болатын.