Ыстамбұлда қырықтан астам адам қамауға алынды

Ыстамбұлда тағы 40-тан астам адам қамауға алынды.

Олар наразылық акцияларына қатысып, Президент пен оның отбасы мүшелеріне тіл тигізген. Елде өткен аптадан бері ереуілдер басылмай тұр. Оған 19 наурызда Ыстамбұл мэрі болған Экрем Имамоглуның қамауға алынуы себеп. Ол жемқорлыққа барды және лаңкестік топқа қолдау көрсетті деп айыпталып отыр. Бірақ опопзициялық саясаткер мұның бәрін жоққа шығарды. Қазір Экрем Имамоглу Ыстамбұл мэрі қызметінен уақытша шеттетілген. Қалада 27 наурызға дейін наразылық акцияларын ұйымдастыруға тыйым салынды. Бірақ соған қарамастан толқу басылар емес. Жаппай ереуілдер басталғалы бүкіл ел бойынша мыңнан аса адам қамауға алынды.