The Guardian: Жасанды зерде жазып шыққан газет жарық көрді

Италияда жасанды зерде жазып шыққан газет жарық көрді, деп хабарлайды 24kz.

Нейрожелі тақырыпты өзі қойып, тіпті арасына қалжың қосып, тұтас мақала жазған. Газеттің бас редакторы Клаудио Чераса: «Қазіргі журналистиканың келбеті өзгеруі мүмкін», - деп санайды. Мұны дәлелдеу үшін тәжірибе жасап көрген. 4 беттен тұратын газетті қағаз түрінде және онлайн да оқуға болады. Ішінде бір грамматикалық қате жоқ. Мақалалары қарапайым әрі түсінікті. Қызығы сол, нейрожелі төл сөз мүлде қолданбаған. Сондай-ақ жеке пікір, терең талдау да жоқ.