Қытайда 4,2 балдық жер сілкінісі тіркелді

Қытайдың солтүстігіндегі Ланфан провинциясында 4,2 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды 24kz.

Дүмпу ошағы 20 шақырым тереңдікте анықталған. Зілзала әсерін Бейжің, Дасин, Фэнтай, Тунчжоу және Хайдянь қалаларының тұрғындары сезген. «Рейтер» агенттігі таратқан ақпаратқа сай табиғи апаттан опат болғандар жоқ. Жер сілкінісі туралы тұрғындарға алдын ала хабарлама жіберілген. Қазір жергілікті билік өкілдері зілзаладан келген шығынды анықтау жұмыстарына кірісіп кетті.